Алматы Орталық мешіті жанындағы сауат ашу курсында білім алып жүрген қыздарға сертификат табысталды.
Көктем басында Құран кәрім, фиқһ, ақида сабақтарынан білім алу курсына қабылданған 100 талапкердің арасынан 30 шәкірт кезекті оқу курсының 1-ші деңгейін сәтті аяқтады. Сертификаттарды Алматы орталық мешітінің Бас ұстазы Талғат Дайрабайұлы және Алматы қалалық «Әйелдер-қыздар» секторының жауапты өкілі Маржанқыз Оразбайқызы табыстады.
«Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле» деген даналардың сөзі бар. Сол себепті, қызы тәрбиелі елдің болашағы зор болмақ. Өйткені, ұлттың болашағы ананың құрсағынан басталады.
Алматы Орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.11.2016
3726
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру