Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңаөзенде мешіт жамағаттары арасында футболдан жарыс өтті

01.11.2016 3402 0 пікір

Маңғыстау облысына қарасты мешіт жамағаттары арасында футболдан үнемі жарыстар ұйымдастырылып келеді. Мақсат мешіт жамағаттары бір-бірімен танысып, араласып, бірлік қалыптастыру. Осындай маңызды шара 28-29 қазан күндері Жаңаөзен қалалық мешіттің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында «Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына» арналған футболдан жарыс өтті. Жарысқа 14 команда қатысты.

Жұма күні құптан намазынан кейін жарысқа келген 150 жамағатқа арнайы дастархан жайылып, өкіл имам Смайыл Сейтбеков бауырмалдық жайында уағыз айтты. "Мұсылман мұсылманның бауыры, өзіне қалаған нәрсені өзгеге қаламайынша толық иман еткен болып саналмайды. Сондықтан, біздің де бауырмалдығымыз бен бірлігіміз аса қажет",- деп, сахабалар өмірінен ғибратты оқиғаларды айтып өтті.

Дастархан басында әр мешіттен келген жамағаттар таныстырылды. Алла қаласа мұндай басқосулар алдағы уақытта жалғасын таппақ. «Бірлігі мықты елді дау да, жауда ала алмас» демекші, жамағаттың бірлігі мықты болса, түрлі ағымдардың жетегіне кетпейді және алауыздыққа жол бермейді деп сенеміз» деді өкіл имам.

 

 

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру