Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ішкі саясат бөлімі басшылары «Халифа Алтай» мешітінде болды

01.11.2016 4195 0 пікір

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Садырбаев Айдар және Өскемен қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерболат Ошақбаевтар мешіттің хал жағдайымен танысу мақсатында облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды.

Лауазымды тұлғаларды ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы күтіп алып, мешітті аралатып, көрсетті.

Өкіл имам басшыларға өкілдіктен ағымдағы жылы атқарылған мәдени-рухани шаралар туралы кеңінен әңгімелеп берді. «Дін мен тарих тағылымы жылына» байланысты елімізде тұңғыш рет өкілдіктің бастамасымен Өскеменде өткен «Қариялар форумына» тоқталды. Діни басқарманың бекіткен негізгі төрт бағыт бойынша өңірде жүзеге асып жатқан істерді атап өтті.

Шығыстағы екі ірі қаланың ішкі саясат басшылары бұдан соң «Халифа Алтай» мешітінде әр ауданнан келіп, 2 айлық курста оқып жатқан имамдыққа үміткер, білім алушы шәкірттермен кездесті.

«Біз өңірдегі діни мамандар тапшылығын жою мақсатында әр ауданнан жинап, имамдыққа бейімі бар азаматтарды осылай оқытып жатырмыз.  Мешіттіе 4 мезгіл ас-су беріледі,  жатар орындары осында, өкілдіктің күшімен, аудан имамдарының ат салысуының арқасында осы шаруаны жасап отырмыз» деп таныстыра келе имам өкілдіктің қызметін қолдап, имамдардың баспанамен қамтылуына айырықша назар аударып отырған өңір басшысы Даниал Ахметовтың ерен еңбегін де айтып өтті.

Бұдан соң Өскемен қалалық ішкі саясат бөілімінің басшысы Е.Ошақбаев мырза: «Діни сауаттылықты арттыру бағытында осындай игі іс жасап отырған өкілдіктің қызметін әркез қолдаймыз. Облыстық мешіттен көптеген тың бастамалар мен игі шаралар жасалып жатқандығы қуантады. Бұл шаруалар тек Өскемен өңіріне ғана емес облысымыз үшін игі істер», дей келе, білім алушыларға сәттілік тілеп, еліміз үшін, лайықты қызмет атқарауға шақырды.

Сонымен қатар Ішкі саясат бөлім басшылары өкіл имамға игі бастамаларды әр уақытта қолдап, бірлесе жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

Мешіттің ахуалымен танысуға келген басшыларға Е. Тасболатұлы алғыс білдірді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру