Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алакөл ауданына білікті имамдар тобы келді

01.11.2016 3460 0 пікір

Қазан айының 28 қасиетті жұма күні Алматы облысы Талдықорған қаласы бойынша имамдар мен ұстаздардан құралған 14 дін мамандары Алакөл ауданына  келді. Арнайы Ақпарат насихат тобының келудегі негізгі мақсаты - әр өңірде дәстүрлі дінімізді кеңінен насихаттау мен теріс пиғылды ағымдардың алдын алу, әрі жастарымызды имандылыққа тәрбиелеу еді. Еліміздің болашағы жастардың қолында десек, ұрпағымыз иманды ұл, ибалы қыз болып өссе, болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болары сөзсіз.

Ауданымызға келген имамдар мен ұстаздарды Алакөл ауданының бас имамы Әнет Омарханұлы алдын ала құрылған жоспар бойынша ауылдарға бөлді. АНТ тобы ауыл халқымен және мектеп оқушыларымен кездесу өткізді, сондай-ақ ауылдағы мұқтаж жанұяларға қайырымдылық жасап, қарттарға құрмет қылды. Жұма намазын өткізіп, жұма уағызын жүргізді.

Имандылықтан нәр алған халық риза болып, алдағы уақытта да осындай игі шаралар жалғасын тапса деген өтініштерін білдірді.

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру