Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ислам және отбасы құндылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

31.10.2016 3995 0 пікір

Облыстық кітапханада Павлодар қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылықтары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Аманқұлов Хасан Ташайұлы, осы мешіттің ұстазы Талқанбаева Қарлығаш Қажымәлікқызы, ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Оралқанов Айбек Тілеубекұлы және «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің ұстазы Германұлы Берікбай қатысты. Дөңгелек үстелде медресе шәкірттері мен Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне исламдағы отбасы, ата-ананы құрметтеу, әйелдің отбасындағы орны қатарлы құнды тақырыптар аясында баяндамалар жасалып, қатысушылар жарыссөздерге шықты. Осы дөңгелек үстел аясында «Әбу Бәкір Сыддық» медресесесінің шәкірттеріне облыстық орталық әмбебап кітапхананың іс-қызметтерін таныстырып, оларды аталмыш кітапханаға оқырман ретінде тіркеп, кез-келген уақытта келіп кітап оқи алатындай жағдай жасалды.

Есен АХМЕТОВ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру