
Тәуелсіз елдің көк аспанын айшықты ажарымен, көрікті күмбезімен әрлеген мешіттер бұл күндері ислам құндылықтарын ұлықтап һәм ұлттық дәстүрімізді дәріптеуші үлкен мәдени орынға айналды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «мешітті мінәжат орны болуымен қатар, үлкен мәдениет ордасы, рухани һәм дүниелік қажеттіліктеріміздің іске асар құтты мекені» деп атауы осы сөзімізді айғақтайды.
«Нұр Астана» орталық мешітінде халқымыздың ерекше дәстүрінің бірі – тұсаукесер шарасы өтті. ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы салтымызға сай рәсімін жасап, 1 жасқа толған Айбар атты сәбидің тұсауын кесті. Тәттілермен сәбиді қуантып, ата-анасына мешіт атынан арнайы сыйлық тарту етті. Ал, Айбардың ата-анасы өз кезегінде қасиетті құлшылық үйінде өткен игілікті іске риясыз алғыс-тілектерін айтты.
Айта кетсек, ұлттық құндылықтарымыз көрініс тапқан рәсімді Германиядан келген қонақтар да тамашалады. Шара барысында оларға тұсаукесер рәсімі жайында мазмұнды мағлұматтар берілді.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.10.2016
3366
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру