
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бастаған делегация Өзбекстанға іссапармен барды.
Делегация құрамында Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғилымбек Мәжиев, «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры Шамшәдин Керім бар.
Делегаттар ең алдымен Өзбекстан Ислам университетінде болды. Университеттің тыныс-тіршілігімен танысқан қонақтар Өзбекстанда шыққан кітаптар көрмесін тамашалады. Аталмыш көрмеде қасиетті Құранның «Осман Мусхафының» 2004 жылғы көшірмесі қойылды.
Сондай-ақ, осы оқу орын аумағында орналасқан Төле би қабіріне зиярат жасап, Құран бағыштады. 1663-1756 жылдары өмір сүрген бабамыздың құлпытасында «Тәңірім қазаққа елдікті де, ерлікті де, даналықты да берген!» деген сөздер жазылған.
Осы күні Қазақстан делегациясы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Усмонхон Алимовпен кездесті. Кездесу кезінде басқармадағы бөлім жұмыстары жайында толыққанды мәлімет алды. Сондай-ақ діни басқармаға жанындағы Имам Бұхари атындағы институтта болып, оқу үдерісімен және оқу орны базасымен танысты.
ummet.kz








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.10.2016
3628
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру