Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт шаруашылығы алға басты (ФОТО)

31.10.2016 3677 0 пікір

29 қазан Астана қаласы мешіттерінің шаруашылық меңгерушілерінің кезекті жиыны өтті.

«Нұр Астана» орталық мешітінің іс басқарушысы Ибрагим Сматаев жиын күн тәртібінде қаралатын мәселелерді баяндап өтті. Атап айтқанда, мешіттердегі тәртіп пен қауіпсіздік, ішкі-сыртқы тазалығы және мешіттің жарықтандыру, қажетті материалдармен жабдықтау жайы пысықталды. «Шариғат жүйесі ең алдымен тазалық пен тәртіпке негізделген. Сол себепті мешіт әр уақытта халықтың қызметінде, асыл дініміздің талап-мүдделеріне сай сипатта болуы керек. Бұл ретте осы жұмысқа сіздердің үлкен жауапкершілікпен қарауларыңыз маңызды» деді Ибрагим Келдібайұлы.

Жиналыс қорытындысында қала мешіттерінің жауапты қызметкерлеріне осы бағыттар бойынша нақты тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру