ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шейх Мухаммед қажы Алсабеков Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдерге арналған сауат ашу курсының ғимаратымен танысты. Өкіл имам Т.Оспан ғимаратта жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарымен және оның болашақта атқарылатын функцияларымен, тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Шараға ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы да қатысты. Бүгінгі таңда ғимарат тоқсан пайыз дайын, жылдың аяғына дейін іске қосылады деп күтілуде. Соңында Шейх Мухаммед қажы аталмыш ғимаратты қалпына келтіруге демеушілік жасаған Бекбол Абдуллин мырзаға алғысын білдіріп, батасын берді.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.10.2016
3305
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру