Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қала және аудан имамдарының жиыны өтті

31.10.2016 3122 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария»  мешітінде қала және аудан имамдарының жиналысы өтті.

Жиналысты орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы өткізді.

Жиналыс барысында өкіл имам мешіттер тарапынан атқарылған шаралар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Мешіт имамдарына «Дін және тарих тағылы» жылы аясындағы шараларды күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, Ислам дінінің өркен жаюына ықпалы зор «Иман» журналы мен «Ислам және өркениет» газетіне жазылу барысы да сөз болды.

Өкіл имам ҚМДБ тарапынан келген тапсырмалармен таныстырып, қайырымдылық, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру, уағыз-насихат жұмыстарының жүйелі жүргізілуін ескертті.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру