
Наиб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов мешіт қызметкерлерімен кездесті.
28 қазан күні ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, ҚМДБ Астана қаласы бойынша өкілі, "Нұр-Астана" орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы арнаулы жұмыс бабымен Астана қаласы "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітіне келді.
Екінті намазын жамағатпен бірге оқыған наиб мүфти мешіт қызметкерлерімен кездесіп, толық құрамдағы жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында наиб мүфти мешіт тынысымен тынысып, "Тарих тағылымы жылы" аясында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін пысықтады. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның ел мешіттеріне белгілеп берген жұмыс жасаудың "төрт бағыты" туралы кеңінен тоқталып, қызметкерлерге аталмыш жұмыс бағыттарының бүгінгі ел өміріндегі мән-маңызына тоқталды.
Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде: "Барлықтарыңызға белгілі ҚМДБ жалпы өз жұмысын басты төрт бағытта: атап айтсақ, уағыз-насихат, діни сауат ашу, жат ағымдармен жұмыс жəне қайырымдылық істері бойынша айқындап алған. Белгіленген бағыттарға сəйкес әрбір имамның, әрбір қызметкердің жұмысы жоспарлы да жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Сол арқылы, құрметті дін қызметкерлері, біз халыққа дəстүрлі діни білімді, Ислам құндылықтарын мешіттен ғана алуға, үйренуге шақыруымыз керек. Сонымен бірге, соған өзіміз атсалысуға тиіспіз",-деді.
Мешіт қызметкерлерлерінің атқарып жатқан жұмыстарына ризашылығын білдіре келіп, наиб мүфти мешіт ұжымының жұмысына сәттілік тілеп, төрт бағыт бойынша, алдағы уақыттарда атқарылуы тиіс іс-шаралар туралы бір қатар нақты тапсырмалар жүктеді.
"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің баспасөз қызметі

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.10.2016
3292
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру