Қасиетті жұма күні ақтөбелік жамағатқа «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің найб имамы Досаналиев Мұрат «Жетім көрсең жебей жүр» тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, қоғамымыздағы ата-анасыз тәрбиеленіп жатқан жетім-жесірдің басын сипап, қамқорлықтарына алу өзін мұсылман санайтын әрбір адамның міндеті екенін айтып өтті.
Өкіл имам Т.Оспан Астана қаласынан Ақтөбе жеріне ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізуге келген топ мүшелеріне және олардың бір ай уақыт көлемінде атқарып келген жұмыстары үшін халықтың атынан алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
«Нұр Ғасыр» мешітінде өткен жұма намазына ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шейх Мухаммед Хусейн де қатысты.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.10.2016
3998
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру