Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Түпқараған ауданының орталығы Форт - Шевченко қаласындағы мәдениет үйінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға өз үлесімізді қосайық» атты шараға қатысты. Шараны Ауған соғысы ардагерлерінің бірлестігі ұйымдастырды.
Шараға ақсақалдар, мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты. Сонымен қатар, Облыстық дін істері басқармасының маманы Н.Оңғар қатысып, діни мәселелерді слайд арқылы түсіндіріп өтті.
Өкіл имам С.Сейтбеков дін төңірегіндегі болып жатқан мәселелерге шолу жасай келе, дін атын жамылған ағымдардың қаупі мен зиянына тоқталды. Баяндама барысында ислам дінінің адамзатқа ешқандай жамандықты бұйырмайтынын айта келе, діни проблемаларға исламның қатысы жоқтығын, қателік пен кінә дінді дұрыс түсінбеген пендеде екенін атап өтті. «Біз діннен қорықпайық, ата-бабаларымыз ұстанып келген дәстүрлі дінімізді дұрыс білсек, ағымдардың жетегінде кетпейміз» - деп тоқталды. «Дінімізді үйренгіміз келсе, жергілікті мешіт имамдарына барып, солардан ғана сұрауымыз керек. Интернеттегі уағыздардың бәрін тыңдауға болмайды, тек Діни басқарманың имамдары мен ұстаздарының уағыздарын тыңдаңыздар» - деп сөзін қорытындылады.
Жиын соңында ата-аналар мен оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.10.2016
3778
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру