Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қайырымдылық - имандылық белгісі»

28.10.2016 4686 0 пікір

Ислам діні мейірім және қайырымдылық ұғымдарын қамтитын хақ дін. Сондықтан, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» - деген хадисіне амал жасау негізінде, Алматы облысында «Қайырымдылық - имандылық белгісі» атты шара өтті. Шара аясында Алматы өңірінің әлеуметтік жағдайлары төмен 15  оқушысына қыстық киімдер таратылды. Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы бұл іс-шараның негізгі мақсаты жас ұрпақтың бойына имандылық, адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту қажет екенін  баяндады. Қайырымдылық іс-шара соңында өкіл имам оқушыларға ізгі ниет тілегін білдірді.

 

Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінің баспасөз қызметі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру