
Бүгін Семей аймағына қарасты, қала, аудан, ауыл имамдары, төрт құжат бойынша аттестациядан өтуде.
Жиынға ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы қатысуда.
Жиынды ашқан А.Ұтысханұлы емтиханды өткізудегі негізгі мақсат, имамдардың білім деңгейін анықтау, ізденістерін жетілдіру, жауапкершіліктерін арттыру екенін айтты. Діни қызметтің жауапкершілік жүгі ауыр. Әрбір дін өкілі өз ісінің білікті маманы болуы керек. Сынақ тапсыруға келген имамдарға сәттілік тіледі.
Имамдар «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті», «Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қызметкерінің этикасы» төңірегінде сынақ тапсырады. Билет бойынша келетін сұрақтарға дін қызметкерлері ауызша және жазбаша жауап береді. Сараптау дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігіне жан-жақты және әділ баға беру, сондай-ақ имамдардың білімін үздіксіз жетілдіру мақсатында өткізіліп отыр.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.10.2016
3500
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру