
Алғаш рет КА-168/2 (орташа қауіптілік, Ақтөбе қ.) мекемесінде жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтің «Есігімді қаққан кім?» өзекті пьеасы сахналанды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақтөбе облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
«Аталған мәдени-көпшілік шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Драманың басты мақсаты - бейбітшілікті бағалап, Отанды сүюге, қара шаңырақты қастерлеуге шақыру», - деп атап өтті Ақтөбе облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілі Нұргүл Жұмағұлова.
Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық театрының актерлері діни экстремистердің арбауына түскен жас жұбайлар трагедиясы туралы қойылымды назарға ұсынды. «Бұл қойылым бүгінгі жастар мен қоғамды толғандырып жүрген көптеген сұраққа жауап береді», - деді драмалық театрдағы қазақ труппасының көркемдік жетекшісі Сержан Аманқұлов.
ҚазАқпарат

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.10.2016
3399
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру