Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елорда имамдарының жиналысы өтті (ФОТО)

27.10.2016 3364 0 пікір

Кеше Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елорда имамдарының кезектен тыс жиналысы болып өтті. ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Астана қаласының өкіл имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен жиналыста бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, Астана қаласы имамдарының әлеуметтік желілердегі белсенділігі мен қырағылығын күшейту мәселелері де қозғалып өтті. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 8 қарашасында ҚМДБ-ның төрт құжаты бойынша алынатын сынақ жұмыстарына дайындық жағдайы пысықталды.

Бұған қоса, былтырғы жылы Астана қаласы өкілдігінің бастамасымен республика көлемінде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Нұрлы мінбер» сайысының биылғы жылы да өткізілетіні белгілі болып отыр. Осыған орай, «Нұрлы мінбер - 2016» сайысының да жай-жапсары талқыланып өтті.

Muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру