Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ынтымақ-бірлік өркендеудің негізі

27.10.2016 3393 0 пікір

Мешіттегі тағылымды басқосуда ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынастар әңгіме арқауы болды.

Өткен сәрсенбі күні жаңадан пайдалануға берілген облыстық Аймағанбет Спанұлы атындағы мешітте бүгінгі таңдағы аса маңызды ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынас, халықтар арасындағы ырыс пен ынтымақ жөнінде келелі жиын болып өтті.

Онда «Қазақстан-Қостанай» теларнасының журналистері жоғарыда аталған маңызды жайға байланысты дін саласының қызметкерлері және дін жанашырларымен арнайы жүздесіп, келелі әңгімеге ұйытқы болды.

Есімі елімізге белгілі қаламгер, дарынды көсемсөзші Қабылақат Сейдахметов бастаған әріптестер алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбеттен сұхбат алды.

Онда Б.Нұрғабылұлы облыстағы күн тәртібіндегі аса маңызды жайға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Осы бағытта болашақта да барша аудандық және қалалық мешіттерде тағылымды істер атқарыла беретіндігін баяндады.

Содан кейін үлкен залға жиналған қауым да қай елді болсын өркениетке, ізгілікке, өсіп-өркендеуге тікелей бастайтын халықтар арасындағы достық пен ауызбірлік жайлы өз ойларын ортаға салды.

Мәселен, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын Жолбарыс қажы Баязид, есімі халқымызға кеңінен танымал абыз ақсақал Мырзағали Ғабдулин, «Зекет» қорының өкілі, Қазақстан қажылар қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы Жақсылық Ғайсин және басқалар өзекті мәселе жөнінде сөз сөйледі.

Жалпы, өңірімізде қозғалып отырған маңызды тақырыпқа байланысты атқарылған жұмыстар ауқымды. Олардың бәрін оқырман басылымдардан оқып, теледидардан көріп отырған болар.

Қорыта айтар болсақ, мұндай өзекті әрі көкейтесті жайлар облыстық мешітте келешекте де жалғасын таба беретін болады.

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы 
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру