Кеше, Ақтөбе қаласында өткен ҚР-ның тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әйелдер арасындағы Құран Кәрім жарысы мәресіне жетті. Жарысқа Ақтөбе қаласы мешіттері сауат ашу курстарының шәкірттері қатысты.
Әйел жамағаты өзара Құран Кәрімнің 30-шы параларын жатқа оқудан және мәнерлеп оқудан сынға түсті. 45 жасқа дейін әйелдер қатысқан топтан бірінші орынды Бушанова Фатима, екінші орынды Маханбетова Гүлім, үшінші орынды Ақтөбе қаласы № 40 орта мектептің 8 сынып оқушысы, әрі шәкіртіміз Ансатқызы Дана иеленген болса, 45 жастан жоғары санаттағы әйелдер арасынан бірінші орынды Шауменова Гүлсім, екінші орынды Салыкова Балзира, үшінші орынды Қайыр Шолпан алды. Одан бөлек ынталандыру силықтарын «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің әйелдер сауат ашу курсының шәкірттерінен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2016 жылғы түлегі Есқалиева Маржан, МедАкадемия студенті Өтегенова Айнұр, Жұбанов университетінің түлегі Агисова Зарина есімді қарындастарымыз алды. Жүлделер қорында теледидар, шаңсорғыш, үтік секілді сыйлықтар болды.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.10.2016
3911
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру