Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр-Мүбарак» университеті шетелдік оқу орнымен меморандумға қол қойды

26.10.2016 3553 0 пікір

«Нұр-Мүбарак» университеті Брунейдегі UNISSA университетімен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

«Нұр-Мүбарак» университеті Брунейдегі UNISSA университетімен өзара ынтымақтастық меморандумы бойынша әріптестік байланыста болмақ. Бруней-Даруссалам еліндегі Сұлтан Шариф Али Ислам Университетінің ректоры Хаджи Норарфан бин Хаджи Зинал мен «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор әл-Жуда әл-Басюни қол қойған меморандум аясында студеттерді тәжірибе алмасу, тағылымдамадан өтіп, тығыз байланыс орнатуға қол жеткізді.

Бұл шара Сұлтан Шариф Али Ислам Университетінің 6-шақырылымының салтанатында жүзеге асты. Сондықтан қазақстандық университет ректоры, профессор Жуда Басюни мен проректор, профессор Шамшәдин Керім мырзалар UNISSA университетінің ректорынан арнайы шақырту алған болатын. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған Сұлтан Шариф Али Ислам Университеті түлектерінің бітіру салтанатына аттанған  «Нұр-Мүбарак»  университеті делегациясы құрамында ректор кеңесшісі Сейдмухаммед Әбдінаим мен доктор Мухаммед әл-Амин мырзалар да бар.


Арнайы шақыртуда профессор Жуда Басюниге «Сіздің академиялық шеруді тамашалап, салтанатты рәсім кезінде сахнада отыруыңызға келісім берсеңіз алғыс айтар едік»,-деп құрметтерін ілтипатпен алдын ала білдірген. Бұл шақырылымның ерекшелігі барлық құрметті қонақтарға киім үлгісіне қатысты ұсыныс жасалған. Мәселен, ерлер үшін: Мантиямен бірге Бизнес/салтанатты костюм, ал әйелдер үшін: дәстүрлі баю курунг киімінде болуы.

Шақырылмға Университет Канцлері, Аса мәртебелі Сұлтан Хаджи Хассанал Болкиах Муиззаддина Уаддауллах, Сұлтан және Негара Бруней Даруссаламнан Ян Дипертуан төрағалық еткен.

Брунейге іссапар барысында UNISSA және Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті арасында Сити Сериде өтетін өзара ынтымақтастық туралы меморандумға (ӨЫМ) қол қою рәсімі күн тәртібіне арнайы бекітілген.

Бұл шара «Нұр-Мүбарак» университетінің шет елдік жоғары оқу орындарымен әріптестік аясының кеңіп, беделінің арта түскенін аңғартады.

Айша КЕҢЕСБАЙ

«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру