Шымкент қаласындағы «Ықылас» қарилар дайындау орталығында Шымкент қаласына қарасты 105 мешіттің бас имамдары 2016 жылдың он айында атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шараға облыс имам орынбасары әрі Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдрахманов арнайы қатысып, бірқатар тапсырмалар берді.
Б.Абдірахманов қала имамдарына ең алдымен имамдардың біліктілік деңгейін арттыру және барлық мешіттердегі діни суат ашу курстары мен уағыз-насихат жұмыстарын жан-жақты дамыту мәселелерін атап өтті. Сондай-ақ, әр жұмыс кезінде ҚМДБ тарапынан қабылданған төрт құжат - тұғырнама негізінде жұмыс жасауды қадап айтты.
Дәл осы фарматта барлық қала, аудан деңгейіндегі ауылдық мешіт имамдарының атқарған жұмыстарының есебі тыңдалуда.
Жалпы, Шымкент қаласындағы жыл бойы атқарған жұмыстарды саралай келе жоғары деңгейде өткізілген деген қорытынды жасалды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.10.2016
3455
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру