
Атырау қаласындағы Салтанат сарайында республикалық ардагерлер ұйымының кезекті семинары өтті. Жиынға ел бойынша барлық ардагерлер кеңесінің төрағалары мен қала, аудан әкімдері, еңбек ардагерлері, сондай-ақ түрлі мекеме, ұйым басшылары қатысты.
Атырау облысының басшысы Нұрлан Ноғаев қатысқан келелі кеңесте қоғамда белең алып отырған экстремизм мен терроризм індетінің алдын алу, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері ортаға салынды.
Жиын барысында "ҚР ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы, Парламенті Мәжілісі депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов сөз сөйлеп, Елбасы тапсырмасы бойынша экстремизмге және терроризмге қарсы тұру, қарсы барлау қызметі, дактилоскопиялық және геномдық тіркеу, елдің ақпараттық қауіпсіздігін нығайту ісі бойынша бірнеше заң жобалары әзірленіп жатқандығын айтты.
Осы орайда ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров өңірдегі діни ахуалға тоқтала келе, елдің ішкі тұрақтылығын сақтауға ықпал ететін өз ұсыныстарымен бөлісті. Бас имам өз сөзінде: "Еліміздегі діни сенім бостандығын дұрыс түсінбей жүрген жастарымыз түрлі адасқан ағымдардың жетегіне еріп кетуде. Бұл – біздің елдігімізге сын, бабалар тарихы алдында ұят нәрсе. Сондықтан, осындай жағдайда дуалы сөзімен көпті қаратқан ақсақалдарымыз ақ батасын беріп, дәстүрімізде жоқ салт-жоралғылардың әдетке айналып кетпеуіне өз үлесін қосып, бүгінгі қоғамдағы діни сауатсыздықтың алдын алуда белсенділік танытқаны жөн", - деп, қарияларымыздың мешітте діни сауатын ашып, намаз үйренуіне жағдай жасауға қашан да мүдделі екендігін жеткізді.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.10.2016
4018
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру