
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын беру мақсатында «Мейрім шуағын сыйла!» атты акциясын жариялады. Акция аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуаттағы «Ұранхай қажы» мешіті аудан орталығындағы «Оңалту орталығындағы» мүгедек балаларға қайырымдылық жәрдемін жасады.
«Діни басқарманың басым бағыттарының бірі қайрымдылық шараларына аса назар аударып келеміз. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын беру басты парызымыз. Бұл қайырымдылық шарасы осы бағыттағы ұйымдастырып отырған жұмыстардың бір парасы. Біз алдағы уақытта да қайырымдылық жәрдемін жаймыз» дейді «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Жортымов.
Мұнда осы орталықта жатқан оншақты мүмкіндігі шектеулі балаға әртүрлі сыйлықтар ұсынып, көңілдерін көтеріп, мейрім шуағын сыйлады.
Жасалған көмекке «Оңалту орталығының» басшылығы да риза болып, шараны ұйымдастырушы аудандық «Ұранхай қажы» мешіті ұжымына алғыс білдірді.
Шығыс қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.10.2016
3178
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру