
ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында болды.
Сапар барысында «Көкпекті аудандық мешітінде» ауданға қарасты мешіттердің имам-молдаларымен кездесу өткізді.
Басқосуда ол Көкпекті аудан имамның атқарып жатқан істерін тыңдап, ағымдық жұмыс барысын талқылап, аудандық мешіт тарапынан жоспарланып отырған шаралармен танысты.
Сонымен қатар, ол жиналысқа қатысушылармен аудандық және ауыл мешіттерінің қысқа дайындығы, қаржылық жағдайы, «Зекет қоры» бойынша жұмыстар, сауат ашу курстарының ұйымдастырылуы жайлы шараларды талқылады.
Әсіресе зекет жинау, аудан бойынша ЖАНТ жұмысын жандандыру, төрт бағыт бойынша атқарылып жатқан шараларды барынша пәрменді ұйымдастыру мәселесін тапсырды.
Өкіл имам ауданның бас имамына бірқатар нақты тапсырмалар беріп, ауыл молдаларының алдына жауапты міндеттер жүктеді.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.10.2016
3378
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру