Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда жас жамағатқа арналған курстар басталды

25.10.2016 3697 0 пікір

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті жанынан жастарға арналған діни сауаттылықты арттыру курсы басталды. Курстың мақсаты – діни экстремизмнің алдын алу, жастарды теріс ағым жетегіне еріп кету қаупінен сақтандырып, жасы үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге үгіттейтін елжандылық сана қалыптастыру.

Аптасына тұрақты түрде екі рет өтіп тұратын жастарға арналған курста бас имам Батыржан қажы Берденұлы және «Шапағат деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының теолог маманы Мейіржан Рахматулла дәріс беруде. Сондай-ақ, жастарды мазалап жүрген діни сауалдарына да жауаптар беріледі.

«Иманғали» орталық мештінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру