Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау молдалары білімдерін шыңдады

25.10.2016 3849 0 пікір

Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінің жанындағы медреседе халыққа қызмет етіп жүрген молдаларға арнайы біліктілікті арттыруға арналған екі айлық курс басталды.

Курстың ашылу салтанатында ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы құттықтау сөз сөйлеп, халыққа молда қызметінде жүрген дін саласы мамандарының біліктілігін арттырудың маңыздылығы туралы өз пікірін білдірді.

"Топырақты өлім мен торқалы тойда Құран оқып қана қоймай, халыққа уағыз-насихат айтудың да өз әдебі бар. Молдалар бұған аса мән беруі керек. Сондықтан, бұл ретте білім жетілдіріп отыру - халыққа қызмет сапасын арттырады", - деді ол өз сөзінде.

Курс барысында мешіттің бас имамы Батыржан Берденұлы "Имамдық қызметтің қыр-сыры", наиб имам Артық Жұмабекұлы "Қазақы салт-дәстүр барысында оқылатын дұғалар", сондай-ақ, мешіт ұстазы Хусейн Кая Құран және фиқһ тақырыптары бойынша дәріс береді. Мұндай білімді шыңдай түсетін дәрістер молдаларға аптасына екі рет жалғасатын болды.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

 баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру