Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде Рухани келісім күніне орай «Достық жолы» марафоны өтті

24.10.2016 3475 0 пікір

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті «Рухани келісім күніне» орай «Достық жолы» атты бұқаралық марафон ұйымдастырды.

Шараға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің қызметкерлері мен Өскемен қаласындағы мешіттердің имамдары мен жамағаттары, жастар, спортшылар, басқа да діни бірлестік өкілдері қатысты.

Марафонның мақсаты «Рухани келісім күні» қарсаңында исламның асыл құндылығын насихаттау, ұлтымыздың береке, бірлігін арттыру, дінаралық татулық пен тұрақтылықты сақтау, діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бастамашы болу, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Шараға қатысушылар Өскемен қаласы Полтавское және Предгорное көшелерінің қиылысынан бастап, «Қазақстан» тауына жүгіріп шықты.

Шараға келгендер белсенді қатысты. Марафон тартысты, әрі, қызықты жүрілді.


Өскемен қаласына көрік беріп тұрған «Қазақстан» аталған шыңда мемлекеттік рәміздер орналасқан. Онда еліміздің Көк байрағы қаланың қай шетінен де көзге оттай басылып, елдігіміздің айғағы ретінде шың басында желбіреп тұр.

«Рухани келісім күніне» орай өткізіп отырған бұл шара исламның бірлікке негізделген, қағидаттарын насихаттауға арналып отыр. Жастар шараға белсенді қатысуда» деп айтып өтті, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы Дәулет Қабидодин.

Марафонға қатысушыларға облыстық мешіттен сый, әрі, естелік ретінде мемлекеттік тудың кішкентай жалаулары мен «Қазақстан» шоколады таратылды.

Шара көңілді, қызықты өтті.

 

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру