Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорғанда студенттермен кездесу өтті

24.10.2016 3356 0 пікір

Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Жастарды діни-рухани тәрбиелеу»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны Қаржы экономика факультенінің деканы Болат Сариев ашып, жүргізді. Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Данағұлов Алмас жастармен өткен кездесу барысында оларға дін мен дәстүрдің сабақтастығы, имандылық, ата-ананы сыйлау және білім алудың маңыздылығы турасында уағыз-насихаттар айтты. Сонымен қатар, кездесуге қатысушы жастарға дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану, олардың жетегінде еріп кетпеудің жолдары туралы да ақпараттар берілді.

Кездесу соңында жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптарын алып, алғысын жеткізді.

Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру