
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің жанында қайырымдылық жəрмеңкесі өтті. Мешіттің əйелдер жамағаты мен қыздар секциясының басшысы, мешіт ұстазы Гаухар Жұмағалиеваның айтуынша, бұл шара Жаңаөзендік науқас бүлдіршін Нұржігітұлы Мұстафаның еміне қаржылай көмек беру үшін ұйымдастырылды.
Жұма намазына жиналған халыққа облыс имамы Смайыл Сейітбеков жəрмеңкені өткізудің мақсатын түсіндіріп, сырқат баланың еміне бей-жай қарамауға шақырды. Мешітке келген жамағат жəрмеңкеге атсалысып, намазхан қыз-келіншектердің дайындап əкелген ыстық тағамдары мен тəттілерін сатып алды. Шараға бастан аяқ қатынасқан Мұстафаның əпкесі Əсем Айманбетова мұсылмандардың ауызбіршілігіне, жақсылық жасауға деген ниеттеріне риза болып, өзінің жүрекжарды алғысын білдірді.
«Менің кішкентай бауырым Мұстафаның жағдайына қазір туған туысқандары болып қатты алаңдаулымыз. Бұл іске өздерінің көмек қолдарын созған əрбір адамға алғысымды айтамын. Мешіт тарапынан ұйымдастырылып жатқан бұл қайырымдылық жəрмеңкесінен маған 450 мың теңге табыс етілді. Бұл - біз үшін өте үлкен көмек. Інімнің жазылуы үшін қам жеген əрбір адамға Алла разы болсын»,- деп өзінің ризашылығын білдірді Əсем.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.10.2016
4266
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру