Қасиетті жұма күні «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіне 1994 жылы туылған Татьяна есімді қала тұрғыны келіп ислам дінін қабылдауға ниеті бар екенін жеткізді.
Ол кісіге алдымен Ислам дінінің мән-маңызына тоқталған мешіттің найб имамы Асылхан Нұртайұлы әлемді бейбітшілікке, мейірімділікке үндейтін ислам - Алланың ақиқат жолы екенін түсіндірді және исламға бет бұрған кез-келген жан хақ жолына күшпен емес, өзінің ақыл-парасатымен, терең пайымымен түсіне қабылдайтындығын тарихи деректермен айтып жеткізді.
Мұнан кейін Татьяна өзінің ерік-қалауымен мұсылманшылыққа бет бұруға әзір екенін білдіріп, исламның алғы шарты болған кәлимаға тілін келтірді. Мешіт атынан оған бірнеше діни әдебиеттер табысталып, бата жасалды.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.10.2016
3908
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру