Ақмола облыстық Науан хазрет мешітінде екі күндік семинар өз жұмысын аяқтады. Семинарда Ақмола облысына қарасты барлық ауыл молдалары білікті имамдардан сабақ алып, білімдерін ұштады. Оларға дін адамы қандай болуы керектігі жөнінде жан-жақты тәлім берілді. Молданың айтқан шариғаты мен ісінде алшақтық болмауы керектігі баса көрсетілді.
Бір жағынан бұл тәлім беру семинары Мүфтияттың облысқа келетін сараптау комиссиясы қарсаңында өткізілді. Бұл сынақтан сүрінбей өту үшін имани білімдері де нық болуы керек. Мұны ҚМДБ-ның Ақмола облысындағы өкілі Қанат Қыдырмин молдалармен жеке-жеке пікір алмасу кезінде де айтты.
Білікті молда – иманның айнасы, асыл дініміздің мүддесі үшін қызмет ету қашанда мәртебелі екенін әр дін өкілі санасына түюі шарт. Семинардан кейін молдалар да осындай оймен үйлеріне тарқады.
Бақыт Смағұл,
Ақмола облысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.10.2016
3772
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру