Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда имам мектеп оқушыларымен кездесті

21.10.2016 3470 0 пікір

Алматы қаласы Медеу ауданындағы №17 мектеп-интернатында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай мектеп оқушыларымен бүгінгі таңда елімізде болып жатқан экстремизм-терроризм жайында уағыз насиxат өтті.

Кездесуде қазіргі жастардың Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқандықтарын, бақытты екендіктерін, болашақта үлкен маман иесі болуға мүмкіндіктері бар екендігін, бұның барлығы әуелі Алла, екінші Елбасымыздың салиxалы саясатының арқасында екендігін тілге тиек етті.

Бұл шараға Аль-Хамид мешітінің бас имамы Асылxан қажы Өмірзақұлы және наиб имамы Құрбанбаев Батырxан қатысты. Бұл шарада терроризмнің Ислам дініне қатысы жоқ екендігін, олардың діннің атын жамылып жүргендігін оқушыларға түсіндірді. Шара барысында түрлі сұрақтар қойылды. Дін мен дәстүрді ұштастыра отырып барлық сұраққа тұщымды жауап берілді. Имам ұстаз еңбегінің мол екендігін және де оқушылардан болашақта үлкен үміт күтетіндігін айтып өтті.

Muftyat.kz

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру