Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рухани келісім күніне орай дінаралық басқосу өтті

18.10.2016 3814 0 пікір

Бүгін Қостанай қаласының орталығында орналасқан «Достық үйі» ғимаратында Ислам, Христиан және Котолик діндерінің өкілдері басқосқан отырыс болып өтті. Бұл кездесу Қазақстанда 18 қазан күні атап өтілетін Рухани келісім күніне арналды.

Еліміздегі аса маңызды шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы  Тәжімбет қатысып, өзінің көкейінде жүрген ойларын ортаға салды. Ол  Ислам дінінің құндылықтары, халықтар арасындағы татулық пен бірлік жөнінде өз көзқарасын білдірді. 

Сонымен қатар бұл күні барлық дін және қоғамдық діни ұйымдардың өкілдері бір үстел басында жиналып, келелі мәселелерді әңгіме арқауына айналдырды.

Осы секілді Қостанай политехникалық колледжінде де өткізілген болатын. Кездесуге наиб имам Әлішер Ертайұлы қатысып, еліміздегі рухани келісім тақырыбында баяндама жасап, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, бір ғасыр бұрын тарихта дәл осы күні, яғни 18 қазанда АҚШ-тың Чикаго қаласында съез шақыруға талпыныс жасалған-ды. Алайда, өкінішке орай бұл әрекет сәтсіз аяқталған болатын.

Қазақ елінде жоғарыда аталған шара соңғы жылдары кеңінен аталып жүр. Оның халқымызды ұйыстыруға, ынтымағымызды нығайтуға қосып жатқан үлесі де аз емес.

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы 
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру