Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қуаныш сыйлаған қайырымды іс

18.10.2016 4068 0 пікір

Ізгілік пен мейірімділік асыл дініміздің арқауы іспеттес. Өмірден қағажу көріп, тұрмыстық теперіштерге түскен жандарға жанашырлық таныту да имани құндылықтарға жатса керек. Биылғы қарт адамдарды қолдау айлығы аясында мешіттеріміз ізгі істерді қолға алуда.

Жақында Көкшетау қаласындағы Науан хазрет атындағы орталық мешітінің әйелдер-қыздар секторының өкілі Махаббат Халықова мен мешіт ұстазы Әсел Қыдырминалардың ұйымдастыруымен «Қарттарымызды қадірлейік!» атты шара өтті. Онда мешіт қызметкерлері Көкшетау қаласындағы қарттар үйіне барып, ондағы тұрып жатқан қарияларға дастархан жайды. Оларға гүл шоқтары ұсынылып, қуаныш сыйлады.

Мұсылман дінінің құндылықтары жайлы тағылымды уағыз әңгіме де айтылып, әннен шашу шашылды. Күмбірлеген күй шертіліп, қарт адамдар бір сергіп қалды. Бұл да мешіттің қашанда қарттарға деген көңілі алабөтен екенін паш етеді.

Өз кезегінде қариялар да мешіт қызметкерлеріне ақ алғыстарын айтып, риза көңілмен тарқасты.

Бақыт Смағұл,

Ақмола облысы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру