Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемендік имамдар «Керей-Жәнібек» тарихи драмасын тамашалады

18.10.2016 3576 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан жарияланған «Дін және тарих тағылымы жылы» аясында Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы бастаған Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің имамдары мен «Өскемен қалалық мешітінің» қызметкерлері және 2 айлық имамдық курста білім алып жатқан талапкерлер сенбі күні Шығыс Қазақстан облыстық Драма театрында драматург Д.Рамазанның «Керей-Жәнібек» тарихи драмасын тамашалады.

Ұлт тарихының өрнекті кезеңдерін театр актерлері барынша шынайылықпен жеткізе білгендігі сондай, көрермендер көздеріне жас алып отырып тамашалады. Спектакльге келген қауымның рухы оянып, Қазақ хандығының алғашқы құрылу себептеріне куә болды.


«Біздің тарихымыз – ұлы тарих. Ата-бабаларымыз ұрпақ үшін жан ямай осындай ұлы далаға Қазақ мемлекетін құрып берді. Мемлекетіміздің туын биікке көтеріп, Мәңгілік ел идеясына топтасуымыз керек. Халқымыздың рухын көтеріп, ұлтымыздың тарихын баяндайтын осындай тарихи қойылымдарсанамызға ұлт тарихын жаңғыртады» деп атап өтті өкіл имам.

Қойлым соңынан Е.Тасболатұлы театрдың көркемдік жетекшісі, белгілі режиссер Сахан Әкелеевпен жолығып, «Керей-Жәнібек» драмасынан алған әсерімен бөлісіп, осындай тарихи туындыларды әр кез қолдайтындығын жеткізіп, театр ұжымына сәттілік тіледі.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру