Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз орталық мешіті 150 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етті (фото)

17.10.2016 4002 0 пікір

Қайырымдылық – істердің ішіндегі ең асылы, ең бағалысы. Ақша құнын жоғалтып, барлық дүние қымбаттаған бүгінгі таңда қай-қай жанұяға болсын көмек керек-ақ. Ал, жәрдем керек болғанда халық жүгінетін мейірім ордасы мешіт екені мәлім. Күн суытып, жұртшылық қысқа қамданған мезгілге орай, «Һибатулла Тарази» мешітінде қайырымдылық қорының демеушілігімен сондай-ақ, Зекет қорының ұйымдастыруымен 150 отбасыға көмек көрсетілді.

Іс-шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі, мұқтаж отбасыларға 90 кг азық-түлік үлестірілді. Әр отбасы үшін 16 000 теңгені құрайтын аталған материалдық көмекке шамамен 2,5 млн қаражат жұмсалды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру