Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ершат Оңғаров Ассамблея семинарында баяндама жасады

17.10.2016 3756 0 пікір

Өскемен қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» орталығының  ұйымдастыруымен  «Қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерлету бойынша» өңірлік семинар болып өтті.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары мен, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы, Жоғарғы соттан, Евразия университетінен, Қазақстан Республикасы Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» орталығының   өкілдері келді.

Сонымен қатар бұл семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, PhD доктор, теолог Ершат Оңғаров арнайы қатысты.

Шараның мақсаты: Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жүзеге асыру аясында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілігін арттыруға бағытталған.

Е.Оңғаров семинарға қатысушыларға «Қазақстандағы псевдоисламдық ағымдар: түрлері, қызмет ерекшеліктері, қарсы тұру әдістері» тақырыбында дәріс берді.

Шараға 70 тыңдаушы қамтылып, тәжірибелік сабақтар мен тренингтерге қатысып, 2 күн бойы дәрістер тыңдап, сертификаттар табыс етілді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру