
Ақида – ислам дініндегі үлкен маңызға ие сала. Мұсылман жамағатының бірлігін сақтап, иманын толықтыратын бұл жүйе бүгінгі қоғам үшін де аса қажетті болып отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы осы мақсатта мешіт имамдарының білім-біліктілігін арттыру бағытында оң бастама көтеріп, ақида тақырыбында апталық семинар қолға алынды.
Елорда мешіттерінің имамдарына арналған ақида дәрістерін елімізге белгілі исламтанушы, Мысырдағы «әл-Әзһар» ислам университетінің тәмамдаған білікті маман, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Қабылбек Әліпбайұлы жүргізеді.
15 қазан күні алғашқы семинар сабағы өткізіліп, қала имамдары білікті маманнан дәріс алды. Қ. Әліпбайұлы ақиданың негізі мен басты тармақтары жайында тарқатып айтып, Құран мен сүннет, ақыл, тассауф мәселелерін, бұл жолды ұстанушылар, олардың әдіс-тәсілдері мен пікір-көзқарастарын баяндап берді.
Айта кетейік, Астана имамдарына арналған ақида семинары әр аптаның сенбі күндері өткізілетін болады.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.10.2016
3845
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру