
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, облыстық «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы өткен апта соңында Атырау қайырымдылық мекемесінде болып, пансионат оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу басырында бас имам шариғат бойынша білім алып жатқан мекеме шәкірттерінің хал-жағдайларымен танысып, оқу, жатын (жатақхана) ғимаратын аралады. Сондай-ақ, білім алудың артықшылығы тақырыбында дәріс оқып, Ислам дініндегі ілімнің тарихи маңызына тоқталды.
«Асыл дініміз – білім діні. Оны Алла тағала тарапынан оқуға бұйырылған ең алғашқы "Оқы!" деп басталатын аяттардың өзі-ақ көрсетеді. Түптеп келгенде, ілім – дініміздегі бес парыздың діңгегі. Өйткені, ықылас пен ниет дұрыс болмай, құлшылық қабыл болмайды. Бұл ретте білімнің алар орны бір бөлек. Адамның жан-жақты, ой-өрісі кең болып жақсы маман қалыптасуында да дүниелік білімнің алар орны ерекше», - деп оқушыларды ізденістен танбай, қажымай, жалықпай оқуға шақырды.
Шара соңында оқушылар Бас имамға көкейде жүрген сауалдарын қойып, еркін пікір алмасты.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.10.2016
3757
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру