
Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Маңғыстау аудан орталығы Шетпе кентіндегі мәдениет үйінде «Дәстүрлі емес діни ағымдар ықпалының алдын алу жолдары» атты шараға қатысты. Шараны Маңғыстау аудандық «Шаңырақ» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Шараға Маңғыстау аудан әкімінің орынбасары Махмутов Ерболат, ауыл ақсақалдары, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Сонымен қатар Облыстық дін істері басқармасы жанындағы ақпараттық талдау орталығының арнайы мамандары да қатысып, слайд арқылы теріс ағым жайында түсінік берді.
Өкіл имам дін атын жамылған теріс ағымдардың шығуы мен қаупі жайында айта келе, қазіргі кезде біз үшін аса қауіпті болып тұрған сәләфилік ағымның зиянына тоқталды. Сәләфилік ағымның негізі төңкеріске негізделгендіктен қай жерде пайда болса, сол жерде міндетті түрде алауыздық пен қақтығыстың орын алатыны белгілі деп түсіндірді. Оқушыларға осындай теріс ағымның жетегінде кетіп қалмауды айта келе, «дінге қызығушылық, намаз оқуға деген ниет туындаса, онда жергілікті жердегі имамдарға барып сұраңдар. Ханафи мәзһабы бойынша дұрысы қалай екенін біліңіздер. Олай болмаған жағдайда адасушылыққа бой алдырып қалуларыңыз мүмкін» - деп сөзін аяқтады имам. Сонымен бірге жиын соңында С.Сейтбеков өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.10.2016
3781
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру