Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Заңды сыйлау – әрбір азаматтың міндеті

17.10.2016 4159 0 пікір

Қай кезде де Ислам дінінде басшыға бағыну, мемлекеттің заңына құрметпен қарау шариғат шартына сәйкес келетін уәжіп амал. Сондықтан, қазіргі уақыттың талабына сәйкес мешіттің құжаты толық әрі еш кемшіліксіз болуы керек.

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша еліміздегі мешіттердің құжаттарының заңға сай болуын қадағалау үшін ҚМДБ-ның Іс басқарушысы Ербосын Орын мен Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жанділлә Бекжігітов Қостанайға іссапармен келді.

Жалпы, бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқарманың тарапынан жасалып отырған тағылымы мол жауапты жұмыс деп түсінгеніміз абзал. Сол себепті, мешіттерде құжаттар рәсімдеуде ешқашан заң бұзушылығына жол берілмеуі қажет.

Өңірдегі жүздесулер барысында құрметті қонақтар мешіттердің құжаттарын тексеріп қана қойған жоқ, имамдарға әрқашанда осы мәселе бойынша жауапкершілікті сезіну, кемшілікке кеңшілік жасамау жөнінде ғибрат болар ақыл-кеңестерін де берді.

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы 
өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру