
Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне наиб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов жұма уағызын айтты.
Күндердің сұлтаны болған жұма күні мешітімізге арнайы ат басын бұрған ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы жұма намазына қатысты.
Сонымен қатар, наиб мүфти жұмаға жиналған жамағатқа «Тәрбие – тал бесіктен» атты ғибыратқа толы жұма уағазын айтты.
Наиб мүфти өз сөзінде: «Бүгінгі уағызымыз Ислам дініндегі бала тәбиесі туралы. Асыл дініміздің ұстындарында ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріледі. Қазақта «Тәрбие – тал бесіктен» деген сөз бар. Мұның өзі ұрпақ тәрбиесіне ерте кезден ден қоюды білдіреді. Дегенмен, қасиетті аяттар мен хадис шәрифтерде ұрпақ тәрбиесінің тым әріден – үйленбестен бұрын болашақ балаларына жақсы ана, өзіне жақсы жар болатын әйел затын таңдаудан басталатындығы айтылады»,-дей келіп, жеткіншектерге имани тәрбие берудің маңызына тоқталып, балаларды мейіріммен тәрбиелеу сынды Пайғамбарлық өнегені тілге тиек етті. Сонымен қатар, Науырзбай қажы Тағанұлы ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін ескертіп, өскелең ұрпақты, Ұлы Даланың иманды, білікті, білімді, көргенді, өнегелі азаматы етіп тәрбиелеудің уақыт талабы екендігін айырықша атап өтті.
Намаз соңына, жұма уағызына тәнті болған ақсақалдар наиб мүфтиге ақ батасын беріп, дән ризашылықтарын білдірді.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.10.2016
3625
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру