Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен "Тарих тағылымы" жылы аясында Ғылмани мұражайы тағылымды кездесу ұйымдастырды.
Биылғы жылды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Тарих тағылымы жылы» деп жариялағаны бәрімізге мәлім. Осы жылдың аясында, мешітіміздің жанында орналасқан Ғылмани мұражайына университтердегі жас ғалымдар, мәдениеттанушылар, тарихшылармен қоса ғылым және дін жолында білім алушы шәкірттер, студенттер мен магистранттар мұражайға бірінен кейін бірі келіп, Кеңестік кезеңдегі діни өмірден сыр шертетін жәдігерлермен танысып мол ғибрат алумен қатар, өздерінің ғылыми еңбектеріне арқау болатын тұщымды материалдарға қанығуда.
Жалпы, мұражайға келіп-кетушілердің қызығушылығы күн сайын артып келді. Бұл да айтулы жылдың аясындағы ғылыми һәм дін саласында жасалып жатқан тарих тағылымы деуге болады.
Оның бір дәлелі, кеше «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің қасындағы шағын мұражайда Бас имам Жұманазар қари Садырханов, Сәдуақас қажының қызы Үкіжан апа, сонымен бірге Сәкен қалпенің көзін көрген ақсақалдар және мешіт жамағатынан құралған елордалық қариялар тарихи мұражайға арнайы келіп, жәдігерлермен танысты. Сондай-ақ, мұражай қызметкері дінтанушы, тарихшы Бақытхан Солтанбайұлы келген қонақтарға тарихи мирастар қақында мол мағұлматтар беріп, қонақтарға жәдігерлерді тәптештей таныстырды.
Кездесу барысында "Асыл арна" телеарнасының түсірілім тобы арнайы келіп, мұражай экспонаттары мен Сәкен қалпенің өмірі мен өнегесі жайында видео-мәліметтер алды. Бұл түсірілім алдағы уақыттарда аталмыш арнадан көрсетілетін болды.
Шара соңында Бас имам мұражайға арнайы ат басын бұрған Секен қалпенің замандастарына үш тілде қатар шыққан Сәдуақас Ғылманидың «Заманымызда болған ғұламалардың ғұмыр тарихтары» атты кітабын тарту етті.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.10.2016
4087
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру