Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада наиб имам оқушылармен кездесу өткізді (фото)

14.10.2016 3324 0 пікір

Ел бірлігіне қауіп төндірген теріс ағымдардың шырмауына түсуден сақтандырып, асыл дініміздің ата-бабамыздан қалған даңғыл жолынан адаспауға шақыру – қай кезде де маңыздылығын жоймақ емес. Қайта соңғы кездері бұл мәселенің күн тәртібінен түспей, уағыз-насихат, түсіндірме жұмыстарының қажеттілігі қатты білініп келеді.

Осы орайда, Астана мешіттері мен Білім басқармасы бірлесе қолға алған «Тәрбие мен білім – егіз» атты жоба аясында жалғасып келе жатқан оқу ордаларындағы кездесулердің орны ерекше. Оң-солын айыра қоймаған оқушыларға анық ақпарат беріп, түзу жолды түсіндіруге тырысқан имамдар еңбегі еліміздің жарқын болашағы жолындағы өлшеусіз үлес екенін ешкім де жоққа шығара алмайды.

Кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы осы жоба аясындағы кезекті кездесуге қатысып, Елордамыздағы №73 мектеп-лицейінің оқушыларымен жүздесіп қайтты. Соңғы кездері жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен түрлі теріс ағымдардан сақтану жолдары мен олардың басты ерекшеліктері жайлы толыққанды мәліметпен қамтыған имам уағызын оқушылар қауымы ерекше ықыласпен қабылдады. Өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарға қанықты.

 

Muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру