ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жыл сайын қарттар мен мүгедектерге құрмет көрсетуді назардан тыс қалдырған емес.
Мешіт ұжымы қаладағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінде болды.
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт өкіл имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлының сәлемдемесін жеткізіп, насихатын айтты.
Өз кезегінде өнерпаздар қарттарға ән-биден шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистеріндегі «Әлсіздерге, науқастарға, қарттарға және кішілерге мейірімділік көрсетіңдер!» (Шира), «Қарттарға құрмет және сияпат, Алла тағалаға деген құрметтен туындайды.» (Бұхари) – деген өсиеттерді ескерген мешіт ұжымы сый-сияпат жасауды да ұмытпады.
Мешіт ұжымы атынан аталмыш нитернат үйіне соңғы үлгідегі бағалы шаңсорғыш тарту етілді.
Өз кезегінде қариялар батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.10.2016
3719
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру