Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жанарсыз жанға жарық сепкен асыл іс

13.10.2016 4016 0 пікір

Қай кезде болмасын біздің әрқайсымыз Алланың сынағына тап болып жатамыз. Жаратушымыз бізге бұл өмірдегі жақсылық пен жамандық – біз үшін белгіленген сынақ екенін меңзеп, «Әрине сендерді қауіп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед ﷺ сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр» деп, құранда Бақара сүресінің 155-аятында көзделгендей, өмірдің өзі сынақ екенін білдіреді.

Қазіргі уақытта қоғамымызда сол сынақтың бір түріне тап болып, әр  таңнын атқанын, біз жүріп мән бермейтін сансыз әдемілікті көзімен көре алмайтын жандар қаншама. Бұл Алланың қалауы әрі осы жандар үшін берілген сынағы болғандықтан, Пайғамбарымыз (ﷺ) өзінің сахих хадисінде екі көзінен айырылған адам сабыр етсе жаннатқа баратынын жеткізіп, сол жандарды бір қуантқан еді.

Әрине, көп адамдар ұзақ уақытқа созылатын шектеулі халімен емес,  сол адамдарға деген жанашырлығымен сыналып жататыны сөзсіз. Себебі, мұсылманның көркем мінезділігінің бір белгісі намаз оқып, ораза ұстаумен шектеліп қалмайды, сауапты істер істеп, қоғам үшін де пайдалы бола білуінен де көрініс табады. Сүйікті  Пайғамбарымыз (ﷺ) адамдарға мейірім дәнін себе келе, бауырмалдылық пен жақсы қарым-қатынаста «бастысы дене емес, жүрек, ақыл және амал» екенін тайға таңбмданған, сахаба Әбу Зарға (р.а) Пайғамбарымыз (ﷺ) садақаның бірнеше түрі бар екенін меңзеп: «Егер сен көзі көрмейтін адамға не жол сұраған адамға жол сілтесең – садақа, әлсіз адамға көмектескенің – садақа, сөзінде қиындығы бар адамның ойын жеткізуің садақа» деп, баршамызға үлкен өнеге көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол ұшын созуды құлшылық ретінде бағалап еді.

Қазіргі уақытта, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу үшін көптеген жағдайлар жасалып келеді. Атап өтетін болсақ, діни білім беру бойынша  қаладағы «Төле би» мешітінде алғашқылардың бірі болып, сол мешіттің бас имамы Кенжеәлі қажы Мырзабайдың бастамашылығымен 5 жылдан бері көзі нашар көретіндер немесе су қараңғы соқырлар үшін қасиетті Құранды Луи Брайлдың тәсілі бойынша оқытатын діни сауат ашу курсы жұмыс істеп келеді. Зағип жандардың, сонымен бірге, ислам әдебін, заңдарын оқып үйренулеріне, ақида фихқ сабақтарынан дәріс алуларына үлкен мүмкіндік туып отыр. Осылайша, Алланың кітабын мақымына салып оқимын деп ниеттенген зағип жандардың шариғатты толық түсініп, қатардан қалмай ислам нәрінен сусындалуына үлкен мүмкіндік алулары мешіт тарапынан жасалған үлкен көмек болып отыр. Бұл өз кезегінде, елімізде зағип жандардың мәселесі діни сауат ашу бағытында бей-жай қаралмай, қолға алынғандығының бір көрінісі екендігі сөзсіз.

 

НҰРБОЛАТ ҚАЛДАРБЕКОВ 

«Төле би» мешітінің наиб имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру