Халықаралық қарттар күнне орай ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан Рымханұлы Талдықорған қаласындағы ардагерлер үйінде елге танымал қарт ақсақал, ақ жаулықты аналармен кездесу өткізді.
Кездесуде өкіл имам ҚМДБ-ның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан ақсақалдарды қарттар күнімен құттықтап, жалпы елдің ахуалы, дінге жанашырлық, жастарға насихат, ағымдағылармен күрес сияқты өзекті мәселелермен сұхбат өткізді.
Кездесуде қарттар арнайы Меккеден әкелінген қасиетті Зәмзәм суынан және құрмадан дәм татып, ақсақалдарымыз бен аналарымызға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар берілді.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.10.2016
4069
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру