Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт құжаттары талапқа сай болуы керек

12.10.2016 4327 0 пікір

Мешіт – Алланың үйі, оны жекелеп алып иелік жүргізуге ешкімнің құқығы жоқ. Ақмола облысына Мүфтияттан арнайы тексеріспен келген комиссия жетекшісі, ҚМДБ-ның іс басқарушысы Ербосын Орын осылай деп мәлім етті. Ол өзінің кіріспе сөзінде өңір имамдарын Мүфтияттың тапсырмалары жөнінде де хабардар етті.

Бас мүфтидің тапсырмасымен келген комиссия Ақмола облысының барлық мешіттерінің құжаттарын сараптап, түгендеумен айналысады. Себебі, бүгінде мешіттер Мүфтияттың филиалы болып саналғанымен, жер телімдерінің заңдастырылмағанынан кейбір діни ғимараттар жекенің құзырында қалып отыр екен. Мешіт ешқашан жекенің иелігінде болуға тиіс емес. Қарапайым жер актісінің мерзімі өткен құжаттары да кездеседі.

Ал, Мүфтияттың мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жанділлә Бекжігітов  қазіргі заңның да, заманның да өзгеріп жатқан шағында құжаты дұрыс болмаған мешіттерге айыппұл да салынуы мүмкін екендігі жайлы айтты. Сондықтан, бұл жерде имамның іскерлігі өте қажет. Дін адамы жан-жақты болуы керек. Заңды да, шариғатты да жетік білгені абзал.


Аталған комиисия мешіттердің құжаттарын тексеріп қана қоймай, сонымен бірге, имамдарға құжат ісімен жан-жақты айналысу үшін ақыл-кеңестер де береді.

ҚМДБ-ның Ақмола облысындағы өкілі Қанат Қыдырмин  өңірдегі барлық 124 мешіттің құжаттарын талапқа сай әзірлеуге тырысқанын айтты. Бірақ, кемшін тұстар да болуы мүмкін. Бір жағынан осыдан кейін арнайы ескертпелерді назарға алып, мешіт құжаттарын дұрыстауға болатынын жеткізді.

Бақыт Смғұл,

Ақмола облысы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру