
Терроризм мен діни экстремизмнің соңғы кезде әлем бойынша белең алып бара жатқаны айдан анық. Діни саяси экстремизм діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс қимыл. Діни жат ағымға адасқан жастарымыз бой алдырып жатқаны әрине өкінішті. Осының алдын алу бүгінгі күннің басты талабы.
Міне, осы орайда ағымдағы жылдың 10 – 11 қазан күндері Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Қызылқоға ауданында бірқатар іс-шаралар өткізді. Атап айтар болсақ, аудан орталығы Миялыда және Сағыз, Мұқыр, Жангелдин ауылдық округіндегі 7 орта мектептер бойынша оқушылар мен ата-аналарға «Діни жат ағымдармен күресудің жолдары» атты тақырыпта кездесулер, сонымен қатар аудандық «Бәйтерек» және Сағыз ауылдық округінде «Абдолла Хазірет» мешіттерінде болып, Ханафи фиқхын, матруди сенім мектебінің негізгі критерилерін түсіндіру мақсатында кездесулер өткізді.
![]()
Дәстүрлі емес діни ағымдар туралы мәлімет беру, тұрғындарды, соның ішінде жастарды жат ағымдардан сақтандыра отырып, дәстүрлі діни бағыттың жолдарын ұстануға дұрыс бағдар беру мақсатында өткізілген іс-шараларға «Шапағат» орталығының директор орынбасары, теолог Айбек АТАШЕВ, теолог-дінтанушы Мейіржан РАХМАТУЛЛА, аудан әкімінің орынбасары Әлібек ОЛЖАҒАЛИЕВ, аудан прокуроры Бахтияр ТОҒЫЗБАЕВ, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат БАЗАРБАЕВ, аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді Бағдаров қатысты.
Аталған шарада дін мамандары А.Аташев пен М.Рахматуллаұлы – қазіргі таңда діни ахуал қоғамдағы түйінді мәселелердің біріне айналғандығын айтып, дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың шығу тарихы мен ерекшеліктері туралы жеткізді. Сонымен қатар қазіргі кездегі елімізде жастарды адастырып жүрген уахабизм мен салафизмнің тармақтары және пайдаланатын әдіс тәсілдерін ашып көрсетіп, қатысушылар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға тұщымды жауаптар берілді.
"Шапағат" қоры баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.10.2016
4537
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру