Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ашура – ауызбіршіліктің бастауы (фото)

12.10.2016 3527 0 пікір

Ислам – халқымыздың өмірлік өлшемдері мен таным-түсінігіне сіңісіп, бүгінде қалың бұқараның өнегелі мектебіне айналды. Ашура күні – осы сөзіміздің айғағы. «Нұр Астана» орталық мешітінде осынау айтулы күннің құрметіне жамағатқа арнайы дастархан жайылды.

Орталық мешіттің наиб имамы Әділхан Серікбай жиылған жұртқа Ашура күнінің артықшылықтары, осы күнгі құлшылықтардың дәрежесі, ұстаған оразаның сауабы жайында Құран қайнар көздері мен хадис риуаяттарынан мол мағлұмат берді. «Ислам тарихында ерекше маңызға ие бұл күн мұсылмандар үшін әрқашан қадірлі уақыт саналады. Бұл көбірек құлшылық жасап, ораза ұстаумен қатар, мұсылман халқының бірлігін арттыратын кезең. Бүгінгі мұсылман үмметі үшін Ашура – ауызбіршіліктің бастауы болса деген игі тілек-ниетіміз бар. Бір-бірімізбен жақын дидарласып, бауырмалдылық көрсетуіміз – мұсылмандық міндет. Алла Тағала бізге осындай қасиетті уақыттарда бас қосып, жақсылықта жарысып, игілікке үн қосып, мұсылманшылығымызға бекем болуымызды нәсіп еткей. Алла жасаған дұға-тілектеріңізді, ұстаған оразаларыңызды қабыл қылсын!» деді Ә.Серікбай.

Ашура күніне жайылған дастарханнан дәм татқан жамағат имамның әсерлі насихатына да қанығып, көкейде жүрген сауалдарының жауаптарын алды.

 


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру